wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында болды. Өкіл имам алдымен «Байжігіті баба» мешітне келіп мешіт жұмысымен танысты.

Бұдан соң ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге қатысты.

«Ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау кері ағымдармен күресте аса маңызды. Біз ақсақалдар форумын өткізіп, салт-жоралғыларға байланысты бірқатар ұсыныстар қабылдаған болатынбыз. Осы істер өңірде өз ретімен жүзеге асуда. Негізгі мақсат ысырапшылдыққа жол бермеу, ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді насихаттау болып табылады»дей келе, өкілдік тарапынан атқарылып жатқан игілікті шараларға да тоқталып өтті.

Алдағы мақсаттар жайын сөз ете келе өкіл имам халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін мешіттерді әсіресе діни мамандармен қанымдау ісінің маңызды екендігін алға тартты.

Ауыл тұрғындары да өздерінің көптен көкейде жүрген пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жеткізді. 

Өкіл имам ауыл тұрғындарының ұсыныстары қаперде болатындығын айтып, сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар кездесуге Өскеменнен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ақсақалдар алқасының мүшелері арнайы барып қатысты.

 Шығыс Қазақстан облыстық

"Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі"


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk