wrapper

Соңғы жазбалар

Өңірді діни мамандармен қанымдау туралы ҚМДБ өкілдіктерге арнайы тапсырма берген болатын. Онда өкіл имамдарға еліміздегі діни оқу орындарын биыл бітіретін түлектерді қызметке бөлу, сұраныс жолдау, түлектермен алдын ала кездесу ұйымдастыру туралы міндеттер жүктелген еді.

Осы тапсырма аясында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы алғашқы болып, Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінде кездесу өткізді. Кездесуге ағымдағы жылы осы оқу орнын тәмамдайтын түлектер қатысты.

«Діни қызмет аса абыройлы міндет. Сіздердің алдарыңызда оқу бітірісімен басталатын еңбек жолы тұр. Иманыдылық пен асыл дінімізді исламды насихаттау ісіне қадам басқалы отырсыздар. Қазір біздің өңірде діни мамандар тапшылығы сезіліп отыр. Біз өткен жылы да түлектерді өңірге қызметке шақырғанбыз. Олар абыройлы қызмет атқаруда. Сіздерді де алған білімдеріңізді ел игілігіне арнап, Өскемен өңіріне қызмет атқаруға шақырамын. Баспана және басқа да әлеуметтік мәселелер шешімін табады» деп атап өтті өкіл имам кездесуде, жастарға. Ол сонымен бірге діни қызметке барған жас мамандарға облыс басшысы аса назар аударып, баспанамен қамтамасыз еткендігін айтып, бұл үрдіс әлі де жалғасатындығын жеткізді.

Өкіл имам кездесуде түлектерге Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы жайлы кең мағлұмат беріп, өкілдіктен атқарып отырған ауқымды істерді баяндады. Өңірдегі діни ахуалға тоқталып өтті. Алдағы мақсаттарды сөз ете келе, өңір үшін діни мамандардың қажеттілігі бәрінен де маңызды екендігін айтты. Түлектердің қойған сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар Өскемен өңірінен биыл осы жоғарғы оқу орныны бітіретін түлектермен де өңірге қызметке келу туралы алдын ала келісім жасалды.

Өкіл имам алдағы уақытта да түлектермен байланыста болып, оларды өңірге қызметке қабылдау туралы оқу орны басшыларымен уағдаласты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk