wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің аудан имамдарына жүктеген міндеттерін орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының бас имамы Тимур қажы Қайдарұлы аудан орталығындағы білім ордасында болды.

Аудан имамы мектеп басшылығы мен бірге оқушылармен кездесу жасады. Тимур Қайдарұлы кездесуде Жат ағымдардың тарихына тоқтала келе одан аулақ болу туралы және зияны туралы түсінікті етіп айтып берді. Оқушыларда имамға көптеген сұрақтар қойды.

«Жат ағымдардан бойды аулақ ұстау керек. Ол үшін ұлттық құндылықтарымызды, халқымыздан шыққан  көмемдерінің өсиеттерін, бойымызға сіңіру керек. Асыл дінімізде де әр халықтың өз салт-санасы бар екендігі туралы айтылған. Ең бастысы өз отанымызды сүйіп, білімге құштар болып, ата-анамызды, ұстаздарымызды сыйлау маңызды» деп атап өтті, оқушыларға ол.

 Білім ордасының басшылығы аудан имамына алғыс білдіріп, кездесудің маңызды әрі тағылымды болғандығын жеткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk