wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі ЖАНТ кездесулерінің жоспарын жасап, мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер ұйымдастыру шарасын бастады.

 Осы жоспар аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов қалалық сәулет, құрлыс бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге аталған мекемеде ызмет атақаратын мемлекеттік қызметкерлер түгелдей қатысты. Жиында наиб имам парақорлық және оның исламдағы үкімдерді туралы насихат айтты.

 «Исламда халыққа адал қызмет ету басты орынға қойылған. Парақорлық  ең ауыр күнәлардың біріне жатады. Ұлы Жаратушы қасиетті Құранда және ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистерінде парақорлықты қатаң айыптаған. Ел үшінгі қызметтің басты өлшемі адалдық болу керек деп көрсетілген. Барлығымызда қоғамда жемқорлыққа қарсы тұруымыз керек» деп атап өтті, наиб имам кездесуде.

Ол сонымен қатар өз насихатын ғибратты оқиғалармен және нақты мысалдармен көркемдеп жеткізді.

Мемлекеттік қызметкерлер де сауалдар қойды.

Тағылымды әңгімесі үшін наиб имамға мекеме басшылығы алғыс білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk