wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі өңірге қарасты аудандарға имандылық пен бірлікті, адамгершілікті насихаттайтын шараларды көбірек ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Осы тапсырмаларды орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық «Мұса баба» мешіті жамағатты қамтыған бірқатар шаралар өткізді.

Мешіт қызметкерлері мен жамағаттары мешіт маңына тазалық сенбілігін ұйымдастырды. Олар мешіт ауласын қоқыстан арылтып, ретке келтірді. Сенбілікке жамағаттар да аса белсенді қатысты.

Аудандық мешітте жастарға арнап тағылымдық сабақ өткізілді. Мұнда оларға үлкенді сыйлау, адал қызмет ету, еңбекқорлық туралы ғибраттар айтылды.

 Сонымен қатар қыздарға арнайы дәріс өткізді. Дәрісте қазақтың дәстүрлі ұлттық қыздар тәрбиесі мен исламдағы тағылымдар туралы ғибрат айтылды.

Дәріс тұрақты түрде жүйелі өтетін борлып жолға қойылды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk