wrapper

Соңғы жазбалар

Діни басқарманың тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен өңіріне арнайы келген РАНТ (Республикалық ақпараттық насихаттық топ) мүшесі, Павлодар облысы «Екібастұз қалалық мешітінің» бас имамы Бауыржан Отарбаев өкілдіктен берілген бөліс бойынша Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында болды.

РАНТ мүшесі Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінде болып, онда жиналған жамағаттарға насихат айтты. Уағыз тақырыбы кері ағымдардан сақтануға бағытталды.

«Қазіргі таңда кері ағымдармен күрес жүріп жатыр. Біз дінаралық татулықты сақтай отырып, еліміздегі бейбітшілікті нығайтып, асыл дінімізді насихаттаймыз» дей келе, кері ағымдардың зардабына тоқталды. Жамағаттардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар РАНТ мүшесі осы сапарында Шемонаиха ауданында болды. Онда РАНТ мүшесін ауданның бас имамы қарсы алып, мешітте жиналған аудан жамағаттарымен жүздестірді. Жамағатпен кездесуде ол жат ағымдар жайлы тағылымды уағыз айтты.

Сонымен қатар Б.Отарбаев аудан орталығындағы түзеу мекемесінде болып, онда кері ағымдардың жетегінде ілесіп сотталғандарға насихат айтты.

РАНТ мүшесімен бірге облыстық мешіттің наиб имамы және ауданның бас имамдары болды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk