wrapper

Соңғы жазбалар

Қасиетті айлардың бірі Ережеп айын ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігінің тапсырмасымен Өскемен қалалық мешіттері іс-шаралар өткізді.

«Өскемен орталық мешітінде» Ережеп айының алғашқы күні шара өтті.

Онда алдымен жамағаттарға өңірге арнайы келген РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев уағыз айтты.

Бұдан соң жиналған қауым Ережеп айының құрметіне жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

Осындай игі шара Өскемен қаласы «Защита» мешітінде де болып өтті. «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы: «Бұл қасиетті айды мұсылман қауым ерекше құрметпен күтеді. Бұл ай қасиетті айлардың басында тұрған Ислам тарихында ерекше орны бар ай екендігі белгілі. Ережеп айында мейлінше сауапты істерді көбірек жасасақ соғұрлым сауапты болады» дей келе, қасиетті айларды атқарылатын шараларға тоқталды.

Ол сонымен қатар жамағатқа татымды насихат айтты.

Имамның уағызынан соң жиналған қауым ақ дастарханнан дәм татты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk