wrapper

Соңғы жазбалар

Ұлыстың ұлы күнін ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі барынша сәнімен, түрлі іс-шараларды бір арнада тоғыстыра отырып, кең ауқымда мерекелеп өтікізді. Мерекенің негізгі арнасы қайырымдылыққа бағытталды.

Наурыз мейрамы қарсаңында тұрмысы төмен отбасыларға жәрдем жасау мақсатында өкілдіктің тапсырмасы аясында  «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Наурыз берекеті» атты қайырымдылық жәрмеңкес ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге «Әйелдер-қыздар» секторының мүшелері, мешіт шәкірттері белсенді ат салысып, әртүрлі бұйымдар мен ас-тағамдар әкеліп, оны облыстық «Халифа Алтай» мешіті жанында мерекелік думанда көпшілік ұсынды.

Қайрымдылық жәрмеңкесіне қойылған заттардың өтімі жоғары болып, түгелдей сатылып кеткендігінен қарапайым халықтың да қайырымдылыққа деген ниетін байқауға болады.

 Қайырымдылық шарасынан жиналған қомақты қаражат тепе-тең бөлініп, сол жерде мұқтаж отбасыларына таратылды.

Мешіттен жасалған жәрдемге көмекке мұқтаж отбасылар риза болды.

«Берген жомарт емес, алған жомарт» деген халқымызда дана сөз бар. Ата- бабаларымыз ежелден Ұлыстың ұлы күнінде қайырымдылық жасап келген. Бұл сіздерге деген шынайы ниеттің бір бөлшегі» деп атап өтті, өкілдіктен, шара барысында.

 Қайырымдылық жәрмеңкесі осылайша шуақты мерекені шырайын ашты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk