wrapper

Соңғы жазбалар

Наурыз мейрамын жоғарғы деңгейде беліглеп өткізу туралы өкілдіктерге берген ҚМДБ-ның тапсымасы аясында Өскемен аймағы өкілдігі аудандық мешіттерге мерекелік шаралар ұйымдастыру туралы арнаулы тапсырма берген болатын.

Осы міндеттер аясында Ұлыстың ұлы күнін Шығыс Қазақстан облыстық «Күршім аудандық мешіті» барынша салтанатпен атап өтті.

 Халықты қамтыған шаралар ұйымдастырып, орталыққа ақшаңқан киіз үй тікті. Халыққа Наурыз көже таратты. Спорттық сайыстар ұйымдастырды.

 Әсіресе осында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен өткізген қой көтеру сайысы айырықша қызықты болды. Оған үміттеніп қатысушылар да аса көп болды. Білек түріп, қойды алуға келген жастар бірінен соң бірі құлшынып қойды көтеріп, күш көрсетіп көрді.

Басқа қатсушылардан озық шығып, қойды ең көп көтерген Күршім аудандық мешіт жамағаты қойға ие болды.

«Шара көңілімізден шықты. Осындай тың шара ұйымдастырған аудан мешітіне ризамыз. Бұл бір көңілді сайыс болды» деді, жеңімпаз.

 Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен өткізген шаралар жамағаттың көңілінен шықты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk