wrapper

Соңғы жазбалар

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Өскеменнің орталық алаңына тіккен он екі қанат ақ ордасы басқалардан еңселі көрініп тұрды.

Үй ішінің жасау, жиһазы да көз жауын алып, ерекше әсемдікке бөледі. Ұлыстың ұлы күнін тамашалауға келген қалың қауым лек-легімен «Халифа Алтай» мешітінің тіккен киіз үйін тамашалап, наурыз көжеден дәм татты.

ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бастаған басшылар  алдымен облыстық мешіттің он екі қанат ақ ордасына арнайы келіп, халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Құрметті қонақтарға ұлттық дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, киіз үйдегі көне жәдігерлерді тамашалады. Ақ дастархан басында басшыларға наурыз көже ұсынылды. Наурыз дастарханы басында құрметті қонақтарға арналып әулете ән шырқалды.

Облыс басшысының орынбасары  «Халифа Алтай» мешітінің наурыз тойына арналған бөлекше ұлттық нақыштарын жоғары бағалап, Наурыз тойының еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген халықтық сипаттағы жаңару мейрамы екендігін айтып өтті.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Наурыз тойының маңызына тоқтала келе: «Наурыз мейрамында ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дүние танымымен көзқарасы, далалық мәдениеттің озық үлгілері жатыр. Біз Ұлыстың ұлы күнін жоғарғы деңгейде белгілеп, өткізудеміз. Наурыз бірлік пен берекенің мейрамы» деп атап өтті.

Ақсақалды қария бата жасап, елімізге тыныштық, бейбітшілік тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk