wrapper

Соңғы жазбалар

Ұлыстың ұлы күніне арналған облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен спорттық сайыстарға облыстың Үржар, Аягөз, Ұлан қатарлы  аудандарынан спортшылар келіп қатысты.

Мереке қарсаңында облыстық мешітте арқан тарту, гир көтеру, қол күресі сынды сайыстар жүрілді. Сайыстарға спортшылар аса белсенділікпен ат салысты. Ептілік пен білек күші сынға түсті.

Арқан тартудағы командалық сайыста қатысушы жамағаттардың бірлігі шыңдалып, қол күресі мен гир көтеру сайысы нағыз  азаматқа тән шыдамдылық қажет етті.

Қол күресі сайысына осы спорт түрінен бірнеше мәрте әлем біріншілігі, және Азия ойындарына қатысып, чемпион болған белгілі спортшы төрелік етті.

Тартысты өткен сайыстардың озып шыққан жеңімпаздарына сыйлықтар мен марапат тапсырылды.

Сайысқа Өскемен қаласы мен Үржар ауданы спортшылары аса белсенді қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk