wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-дан өкілдіктерге ұлтымыздың ұлық мейрамы Наурыз мерекесін жоғарғы деңгейде белгілеп өткізуді тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі Әз Наурызды барынша келіскен сән-салтанатпен қарсы алды.

Облыстық «Халифа Алтай» мешіті биылғы наурызды екі бірдей жерде мерекеледі. Алдымен Өскемен қаласының орталығына он екі қанат ақ орда тігіп, онда мейрамға келген облыс басшылығын, өзге діни бірлестіктер өкілдерін, ассамблея мүшелерін қарсы алып, Наурыз көже ұсынды. Ұлтымыздың түрлі салт-дәстүр көріністерін таныстырды.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің алдына «Өскемен орталық мешіті», «Мұхамади» және «Защита» мешіттері облыстық мешітпен бірлесіп, салтанатты, киіз үйлер тігіп, мешіт жанын дүбірлі думанға бөледі.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы мерекеге келген жұртшылықты құттықтап, елімізге бейбітшілік тіледі. Наурыз мейрамының арғы тарихын да айтып өтті. Ол өз сөзінде: «Күн мен түннің теңелетін, жарықтың ұзарып, нұрдың молығатын, ырыстың толатын, пейілдің түзелетін Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» деп ақ тілегін жолдады.

 Ұлық мейрамға арнайы келген жамағаттарға  Наурыз көже үлестірілді.

 Киіз үй төрінде ғибраттар насихатталды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk