wrapper

Соңғы жазбалар

Қазақстан мен Түркия Дін  басқармалары арасындағы екі жақты келісім аясында Түркияның Болу қаласында білім алып жатқан қазақстандық имамдардың бастамасымен оқу орынында Наурыз мейрамы өтті.

Шара барысында түрік ұстаздар алдында қазақтың салт- санасынан көріністер көрсетті. Сонымен бірге қазақтың ұлттық киімін тамашалатты. Оқу орынының басшысының иығына  ұлтымыздың дәстүрімен шапан жапты. 
Түрік ұстаздар олардың бастамасына риза болып, ыстық лебіздерін білдірді. 
Оқу орны басшысы: қазақ пен түрік түбі бір туыстас ұлттар екендігін айта келе, екі мемлекет арасындағы достастықтың терең тамырластығын айтты. 
Қазақстандық имамдар өздерін барынша қолдап тағылымды білім берген түрік ұстаздарға зор алғыстарын білдіріп, екі мемлекеттің достығының нығаюына үлес косып, асыл дініміз Ислам үшін адал қызмет ететіндіктерін жеткізді. Бұл игі шара туралы Түрік елінің Болу қаласынан ШҚО " Халифа Алтай" мешітінің ұстазы Ақзанбек Маушиан хабарлады.

ШҚО " Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk