wrapper

Соңғы жазбалар

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті қарияларға дастархан жайып, құрмет көрсетті. Іс-шараға мешіттің ақсақалдар алқасының қариялары қатысты.

«Жыл басы саналатын Наурыз мерекесінде халқымыз ежелден қарияларға құрмет көрсетіп, халын сұрап, батасын алатын дәстүр күні бүгінге дейін үзілген емес. Сіздерді ақ дастарханға шақырып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, құрмет көрсетіп отырмыз. Қариялар өнегесі ұрпаққа үлгі» деп атап өтті, ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

Қариялар ақ дастарханнан дәм татып, Наурыз көже ішті. Дастархан басында ақжарма тілектер, ұлтымыздың салт-дәстүрінен тағылымды ғибраттар айтылды.

Қариялар мешіт ұжымына алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk