wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның бастамасымен Қазақстанмен Түркия арасындағы екіжақты келісім шарт аясында Түркияда діни мамандардың білімін жетілдіру шарасы жыл сайын атқарылып келеді.

Биылда ҚМДБ мен Түркия діни істері басқармасының аясында елімізден 30 имам Түркияның Болу қаласында білім жетілдіру курсына аттанған болатын.

Олардың жол шығындарымен оқу қаражаттарын толықтай шақырушы тарап, яғни Түркия дін  істері басқармасы көтеріп отыр. Имамдарымыз екі ай мерзім сонда болып, білімдерін жетілдіреді. Оларға Түрік елінің біліктілігі жоғары діни ғалымдары сабақ береді.

 Осы топтың қатарында оқуға аттанған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Ақзанбек Маушиан қазақстандық имамдардың Түркияның Болу қаласындағы діни оқу орынына орналасқандығын және оқу курсының басталғандығыны хабарлады. Оның айтуынша қазақстандың имамдар мен ұстаздарды Түркия тарапы ерекше құрметпен күтіп алып, жайлы орынға орналастырып, алаңсыз білім алуға барлық қажетті жағдайды жасаған.

Имамдарымызға сәт сапар тілейміз!

 Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk