wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның тапсырмаларын өңірде сәтті жүзеге асыру туралы Өскемен аймағы өкілдігі арнаулы жоспар жасап, сол бойынша әсіресе ЖАНТ бағытында бірқатар тың бағыттағы істер тындырылуда.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов байтақ отанымыздың шекарасын қорғап жүрген сарбаздармен кездесті. Кездесуге әскери бөлім жауынгерлері жиналды.

 Аудан имамы оларға отан қорғаудың сауабы туралы тағылымды насихат айтты. Әсерлі әңгімені нақты дәсектер келтіре отырып жеткізді.

Сарбаздар имамның насихатын ұйып тыңдады. Керек жерінде түсінбеген сауалдарын жолдап отырды.

Имам оларға дәйекті жауап беріп, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) отан қорғау туралы ғибраттарын көркем түрде жеткізді.

«Отан қорғаушыларға біз әр кез құрметпен қараймыз. Ел тынштығын қорғау бәрінен де маңызды. Сізде аса абройлы қызметтесіздер. Ислам діні отан қорғауды барынша құрметтейді» деді аудан имамы кездесу барысында.

 Әскери бөлім басшылығы кездесудің әсерлі болғандығын айтып,  аудан имамына ризшалық білдірді.

 Аудан имамы сарбаздар алдында кездесу соңынан еліміздің тыныштығы үшін дұға жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk