wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-дан мешіт жанындағы қыздар сауат ашу курстарын дамыту, әйелдер мен қыздарды қамтыған шараларды көбірек ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілген болатын. Осыған байланысты Өскемен аймағы өкілдігі облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қыздар сауат ашу курсы шәкірттеріне арнайы шара өткізді.

Іс-шараға мешіт қабырғасында білім алып жүрген қыздар мен әйелдер қатысты. Олар мешіт ұстазы біл алудың пайдасы туралы және отбасы берекесі жайлы тағылымды насихат айтып берді.

Бұдан соң оларға арнап мешіттен арнаулы дастархан жайлды. Дастархан басында отбасындағы ананың орны жайлы тағылымды ғибраттар айтылды.

«Біз қыздар секторының жұмысын жандандырудамыз, Бұл шара да соның біріне жатады. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді. Дінімізде әйел, аналарға деген құрмет шексіз болу керек деп көрсетілген» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушы ұстаз Нұрзиға Мұхаммед.

Әйелдер қыздар осындай тағылымдың шараның іске асырғаны үшін мешіттің ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk