wrapper

Соңғы жазбалар

Осындай атпен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шараны облыстық мешіт ұйымдастырды. Басқосуға облыстық мешіттің қабырғасында қызмет етіп жүрген аналар қатысты.

Басқосуда ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы: «Аналар барлық құрметке лайық. Ана мейрімі Ұлы Жаратушының мейірімнен кейінгі ең бір ізгі шуақ. Ана мейірімімен, ананың ақ сүтімен, тектілік те, тәрбие де өнеге дариды. Сіздер, барлық құрметке лайықтысыздар. Алланың үйінде дінімізге қызмет етіп жүрсіздер, оның өз зор сауапты іс» дей келе, барлық аналарға амандық, жақсылық тілеп, дұға жасады.

Аналардың құрметіне ақ дастархан жайлып,тағылымды ғибрат айтылды. Аналарға мешіт атынан сыйлықтар табысталды.

 Алла үйінде дініміз үшін қызмет етіп жүрген аналарға осылайша құрмет көрсетілді.

 Шара аналардың көңілінен шығып, мешіт басшылығына ыстық ықыластарын білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk