wrapper

Соңғы жазбалар

Аналарымызға құрмет көрсету туралы Діни басқарманың ресми тапсырмасы аясында Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар шаралар жоспарлаған болатын. Аудан, қала имамдарына осы бағытта жұмыстар ұйымдастырып, науқас аналардың халін сұрау, оларға қайырымдылық жасау туралы арнаулы міндеттер жүктеген еді.

Осы тапсырма Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында да сәтті жүзеге асты.

Риддер қалалық «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінің бас имамы Мұратжан Исмаилов қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Дүйсенбай Подкульдиновпен  бірлесе отырып, жасы үлкен ардақты əжелер мен екі мүгедек əйелдердің халін сұрап, жағдайымен танысты. Аналарды айтулы күнмен құттықтап, жақсылық тілеп, мерекеге арнап сыйлықтар берді.

Әжелер қала мешітіне риза болып, ақ батасын беріп, имамның қызметіне сәттілік тіледі.

«Біз өкілдіктен берген тапсырма бойынша жоспар аясында аналарды құттықтап, халін білуге кеп отырмыз. Аналар құрметке лайықты. Аналарға құрмет көрсету біздің парызымыз» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

 Сол сонымен қатар қалалық мешіттің ұйтқы болуымен ізгілік шарасы алдағы уақытта да жалғаса беретіндігін айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk