wrapper

Соңғы жазбалар

Қайырымдылықты жан-жақты өрістетіп, асыл дініміздегі мұқтаждарға қол ұшын беру ісін насихаттау туралы Діни басқарманың тапсырмасы аясында Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты аудандарда қайырымдылық шаралары әр күн сайын үздіксіз әр түрлі форматта атқарылуда.

 Осындай іс-шараның бірі Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен өтті.

 Зайсан қаласында орналасқан «Оңалту орталығындағы» балаларға аудандық Зайсан мешіті ұжымы киім-кешекпен көмектесіп, қайырымдылық жасады. Сонымен қатар балаларға мешіт атынан оларға арнайы дастархан жайды. Балалар да мешіттің сыйлығына риза болып, бір сәт болса да жадырап қалды.

 «Аудандық мешіттің осы игі істеріне ризамыз. Балалар да өте қуанды. Қайырымдылық шарасы үшін мешіт ұжымына алғыс білдіреміз» деп, орталық басшылығы рахмет айтты.

 «Біз өкілдіктің тапсырмалары негізінде осындай шараларды аудан көлемінде ұдайы ұйымдастырып келеміз. Балалардың қуанышты жүзін көрудің өзі ғанибет. Асыл дінімізде адамға қуаныш сыйлаудың сауабы зор» деп атап өтті шара барысында Зайсан ауданының бас имамы Тимур Елеуов.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk