wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі аудан имамдарына, ауыл молдаларының біліктілігін көтеру білімін жетілдіру туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында Шығыс Қазақстан облысы «Көкпекті аудандық мешіті»  сол ауданға қарасты ауыл молаларының білімін жетілдіру семинарын ұйымдастырды.

Білім жетілдіру шарасына ауданға қарасты 11 мешіттің молалары мен аудандық мешіттің наиб имамдары қатысты.

Оқытуды Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір жүргізіп, имамдарға қасиетті Құран және ақидадан дәріс берді.

 Білім жетілдіру шеберлік дәрісіне имам молдалар белсенді қатысты.

«Имамдарымыздың білімін жетілдіру заман талабы. Біз осы бағыттағы шараларды жетілдіру алда дамыта беретін боламыз» деп атап өтті, Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk