wrapper

Соңғы жазбалар

 
Дубай денсаулық сақтау ведомствосы сарапшылары емделушінің өз үйінде дәрі-дәрмекті әзірлеуіне арналған 3D-баспа технологиясы жасалатынын хабарлады.

Бұл ноу-хау бірінші кезекте созылмалы дерті бар адамдарға таптырмас құрал болмақ.

Мамандардың айтуынша, жаңа ғылыми жетістік қымбат дәрі-дәрмектерге, мәселен онкологиялық ауруларға қарсы емге жұмсалар қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Біз бұл технологияны емханалар мен үйлерге жеткізуді жоспарлаймыз. Емделушілер өз беттерінше қажетті дәрі-дәрмек көлемін 3D-баспамен шығара алады. Дұрыс қолданған жағдайда оны дәріханадан сатып алғаннан әлдеқайда тиімді болады» дейді басқарма өкілдері.

Жоспарға сәйкес, мұндай 3D-баспалар алдағы екі жыл ішінд қолданысқа енгізіледі. Мамандардың сөзінше, үйлерге орнатылатын 3D-баспалар қатаң қадағаланатын болады, ал аппаратты қолдану шектеулі және арнайы күрделі кодтар арқылы іске асырылады.http://e-islam.kz/


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk