wrapper

Германия билігі 12 мыңнан астам ауған босқынын еліне қайтаруды көздеп отыр. Ауғанстандағы ірі қалалардағы қауіпсіздік жағдайы осындай шешім қабылдауға негіз болды, делінген Германия үкіметінің бундестагтағы Солшыл партия фракциясына берген жауабында. Бұл туралы Neue Osnabrücker Zeitung газеті хабарлады.

centralasian.org-тың мәліметінше, қазіргі таңда Германия аумағында 250 мыңға жуық ауған бар. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша бұл - Ауғанстаннан босып кеткен халықтың шамамен 5 пайызы. Босқындарды қайтаруды қолдамайтындар да бар. Олар Ауғанстан әлі де болса тұрақсыз мемлекет деп есептейді. 2016 жылы Германия босқын мәртебесін сұраған 27 азаматты ғана еліне қайтарды.

1994 жылы Ауғанстанда "Талибан" ислам қозғалысы пайда болды. 1996 жылы олар билік басына келіп, елді 2001 жылға дейін басқарды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы террорлық шабуылдан соң халықаралық коалиция Ауғанстанда әскери операциясын бастады. "Талибан" биліктен тайдырылды. 2014 жылы Пентагон әскери миссиясын аяқтады, бірақ қозғалыс мүшелері қылмыстық әрекеттерін әлі жалғастырып жатыр.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk