wrapper

Соңғы жазбалар

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти екі күндік жұмыс сапарымен Семей өңіріне келді. Наурызбай қажы Тағанұлын қала әкімі Ермак Сәлімов күтіп алды.

Кейін бас мүфти Ермак Бидахметұлымен арнайы кездесіп, бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

«Бұл сапарыңызға шын мәнінде қуанып қалдық. Абайға құрмет, елге құрмет. Бабалар рухына бағыштаған Құран,  бүгінгі  зияратыңыз қабыл болсын. Жаңа қызметіңізде тек табыс тілеймін» - деді әкім.

Айта кетейік, Бас мүфти осы сапарында арнайы Жидебайға барып, Абай мен Шәкәрім жатқан кешенге зиярат жасамақ. Одан бөлек ертең Семей қаласында өтетін «Хәкім Абай мұрасының Ислам құндылықтарымен сабақтастығы» атты конференцияға қатысып, баяндама жасайды деп күтілуде.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk