wrapper

Соңғы жазбалар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясының Томск қаласындағы ақ мешіттің 105 жылдық торқалы тойына қатысуда.

Наиб мүфти мешіттің мерейлі мерекесіне жиналған халық алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің құттықтауын жеткізді.

Б.Есмахан: «Әлемдегі мұсылмандардың қуанышы бір-біріне ортақ. Томск шаһарының ғана емес Ресейдегі тарихи мешіттердің бірі саналатын осынау ақ мешіттің шежіресі Исламның ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы шараға жиналған қауымға Ұлы Жаратушының шексіз мейірімін тілеймін» депізгі тілегін білдіріп, екі жақты ынтымақтастықтың дами беретіндігіне сенім білдірді.

Наиб мүфти сонымен қатар мешіттегі Алла Елшісінің (с.ғ.с) әзиз жәдігерлерін тамашалады.

Б.Есмахан мерейлі мерекеге жиналған қауыммен, жергілікті ақсалдармен және зиялы қауым өкілдерімен, діндарлармен сұхбаттасты. Наиб мүфтидің сапары жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk