wrapper

Соңғы жазбалар

Астанада ашық аспан астында өтіп жатқан концертті қасиетті Рамазан айында азан шақыру үшін тоқтатты.

Концертке қазақстандық және ресейлік танымал әншілер қатысты, деп жазады Sputnik.

«Концерт сағат 11-ге дейін жалғасады. Бірақ біз Қасиетті Рамазан айында азан шақыру үшін 10 минутқа концертті тоқтатамыз. Ораза қабыл болсын!», – дейді жүргізуші Тұрсынбек Қабатов жиын алдында.

Азан – жамағатты намазға шақыру. Мұсылмандар бес уақыт намаз оқыр алдында азан шақырады. Азан шақырған уақыт ораза ұстаушылар үшін ауызашар кезін білдіреді.

Биылғы Рамазан айы 26 мамыр мен 25 маусым аралығына келіп тұр. Ораза біткен соң мұсылман қауым Ораза айтты тойлайтын болады.

http://stan.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk