wrapper

Шымкенттік қарапайым тұрғын тауып алған 2 млн теңгені ойланбастан иесіне қайтарып беріп, көпшілікті сүйсінтті, деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ  тілшісі.

Шымкентте танымал компаниялардың бірінің қарапайым жұмысшысы Қуаныш Нақыпбеков кеше кешкілік уақытта жұмыстан қайтып бара жатып дүкенге кірмек болады. Сол кезде жол бойынан үлкен әмиян тауып алады. Ішін ашып қараса, қомақты қаржы мен құжаттарды байқайды. Содан дереу дүкенге кіріп, сатушы екеуі барсетка ішіндегі визитка нөміріне xабарласып, иесіне қайтарып беріпті.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk