wrapper

Соңғы жазбалар

Ысырап деген кезімізде алғаш ойға материалдық затты ысырап ету яки уақытты ысырап ету келеді. Сондай-ақ, азық-түлік те ысырап, электр қуатын да ысырап, киім-кешек те тағысын тағы...

Осы орайда адам баласы қамшының қысқа сабындай болған мына өмірде бос әңгіме, жаман сөздер, болмашы мәселелер үшін біреулермен ұрыс-керіс, талас-тартысып, яки біреудің артынан ғайбат айтып жататын кездеріміз болады. Алайда сөз ысырабы дегенге аса мән бере бермейді екенбіз. Ысырап –  «текке шашу», «мөлшерсіз жұмсау», «шегінен шығу», «қолдағы нығметтің қадірін білмеу» дегенге саяды. Осы тұрғыда адамға сөйлеу нығметінің жемісі ретінде берілген сөзге де орынсыз ерік берсек, ол да ысырап болады екен. Негізінде, адам баласы өз ойын ауыз, тіл, дыбыс ағзалары арқылы жеткізеді. Бұл сөйлеу нығметі арқылы іске асады. Қай тұрғыдан (дінімізде де, мәдениетіміздеде) қарастырар болсақ та беталды сөйлеу орынсыз саналады.

Құран аяттарын негізге алған кейбір тәпсірлер ауыздан шыққан әрбір сөздің қағаз бетіне түсіретін періштелердің бар екенін және Алла Тағаланың адам баласына күре тамырынан да жақын екенін ұмытпауы тиістігін ескертеді. Яғни, Алла тағала адамның ішкі ойларынан да хабардар екендігін және барлық сөз атаулының міндетті түрде жазылатындығын түсіндіреді.

Ардақты Елші (с.ғ.с.): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман етсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» деген.

Жөн-жосықсыз сөйлемеу үшін аузына шағал тас салып жүрген халиф Әбу Бәкір (р.а.) осыларды ескерсе керек.

Үндемеудің қадірін ата-бабаларымыз «көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» деп жақсы айтып кеткен. Иә, расында тілге ие болу екі дүние бақытының кілтіне ие болумен бірдей екенін ұмытпайық, ағайын.

Қалмахан ЕРЖАН


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk