wrapper

Соңғы жазбалар

Қазіргі қазақ қоғамын «көк кит» деген мәселе алаңдатып отыр. Бұл пәлеге ең алдымен ғаламторға тәуелділікке ұшыраған балалар жиі ұшырайды десем, қателеспейміз.

Қазір ата-аналардың барлығында балалардың тәрбиесімен айналысатын, олардың күндізгі бос уақытында немен шұғылданатындығына қарайтын уақыттары жетіспейді.

Сондықтан балалардың ғаламторға тәуелділігі басым болып бара жатыр деуге болады.

Ғаламторды игеру, тілдерді меңгеру, әрине бір жағынан дұрыс болғанымен оның зиянды жақтарын балаларға ұдайы ескертіп отыру артық етпейді.

Жоғарда аталған «көк кит» ойынының құрбанына ондаған балалардың айналғаны өте күрделі жағдай. Бұл кәдімгі мылтықсыз соғыстың бір түрі! Ғаламтор сыртында,монитор тасасында отырып алып, көк өрім балаларды санасын жаулап, өлімге айдау сұмдық әрекет!

Балалардың өмірге құштарлығын арттыру, спорт пен өнерге баулу,жеке қызығушылығын ояту арқылы мұндай кеселдердің алдын алуға болады. Ең бастысы балалар өздерінің сүйікті ісімен айналысса осындай қауіпке ұшырамайды.

«Көк кит» дегеніміз кәдімгі ғаламортдың қара ойығы, ажал апаны.

Сонымен қатар ғаламорға аса тәуелділік балаларды түрлі теріс діни ағымдарға ілесуіне де апарып соғары хақ. Ата-бабаларымыз айтқандай баламыз үйде болғанымен қылығы мен ойы түзде болғандықтан түрлі кеселдерден сақтандырып отыру маңызды.

Ең алдымен кері ағымдарға жжәне осындай «көк кит» секілді түрлі жамандыққа итермелетйін дүниелерге рухы әлсіз балалар жиі ұшырайды. Сондықтан балаларымызды рухы биік азамат етіп тәрбиелеу маңызды деп ойлаймын. 

Аскерхан Ақтай


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk