wrapper

Соңғы жазбалар

Ана! Бұл бәрінен де арқаты сөз. «Жыласам түнде оянған, түнде бесік таянған, Ардақты бар ма анадан» деп қазақтың ақын жыраулар толғаған. Халқымыз ананы айырықша құрметтеген. «Алып анадан туады» деп, барлық ұлы ғұламалармен батырларды дүниеге әкелетін тек қана ана екендігін, оған барлық құрмет лайық екендігін айтып өткен.

 Ананың жақсы болуы бала тәрбиесінде де маңызды болған. «Анасын көріп қызын ал» деп қазақ ежелден тектілікке ерекше мән берген.

 Қазақ халқында айрықша ақылды, ержүрек даңқты аналарымыз өткен. Олардың ерлік жол өнегесі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Сонау дәуірдегі Тұмар патшайым атанған Томиристің ерлігі мен көсемдігі бұған дәлел. Ақылды, батыр аналарға бабаларымыз ежелден құрмет көрсеткен.

 Исламда алдымен анаға құрмет көрсету туралы айтылдады. Асыл дініміз исламда «Жәннат – ананың аяғының астында» дейді. Яғни аналарға құрмет бәрінен биік болсын деген.

 Өмірге ұрпақ әкелудің оны асырап бағып жеткізу, мейріміне бөлеуге қарап, адамның мойнында анасының қарызы молдау болатындығы белігілі.  Бұл туралы ислам ілімдерінде былай баяндалады:

Ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бір адам келіп сұрапты: «Уа, Алланың Елшісі! Кімге жақсылық жасайын?» деп сұрағанда, Ол «анаңа», - деді. Ол кісі қайта сұрағанда тағы да «анаңа», үшінші рет сұрағанда да «анаңа» деп жауап бергеннен кейін төртінші ең соңында«әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа жақындарыңа» деп жауап берген екен дейді, имам Бухари, имам Муслимнен жеткен хадистерде.

 Осыған қарап адамның ана алдындағы перзенттік парызының қандай биік болатындығын бағамдауға болады. Адамзаттың абзалы пайғамбарымыз (с.ғ.с) анаға жақсылық жасау, құрметтеудің маңыздылығын осылай тағылым еткен.

Ананың көңіліне көлеңке түсірмеу туралы ислам тағылымдары мен ұлтымыздың ұлы ғұламалары көптеген өстиеттер қалдырады.

Ондағы ең басты жәйт әйелін анасынан жоғары қоймау болып табылады. Пайғамбарымыз (с.а.ғ) бұл туралы:«Әйелін анасынан жоғары тұтқан адамға лағнет болсын! Оның парыз болған және басқа да ғибадаттары қабыл болмайды». (Шира) деген. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: "Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу амал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын" деді.

 Яғни ер азамат үшін әйелінің орны белгілі деңгейде маңызды болса да анасынан биік қоюға болмайтындығын осы тағылымдардан білеміз.

«Лұқман» сүресі, 14-аятында: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтереді.Емшектен екі жылда шығарады. Сондықтан оған: «Маған және ата-анаңа алғысыңды білдір», - деп бұйырдық» деп әмір етті.

 Бұл туралы мынандай да хикая айтылады. Бірде  Әбу Бәкірдің қызы Әсмә былай дейді: «Бір күні әлі мүшрік болған анам қасыма келді. Пайғамбардан (с.ғ.с.) «Анам келіп тұр, менімен сөйлескісі келеді, онымен жақсы қатынас жасайын ба?», - деп сұрадым. «Иә, оған құрмет көрсет», - деп жауап берген-ді.

Анаға құрметтің, перзенттік парызддың аса жоғары екендігін осыдан білуге болады. Осыған байланысты қасиетті Құранның Мүмтахина сүресі, 8-аятында Алла Тағала былай деген: «Дін үшін сендермен соғысып, сендерді ел-жұрттарыңнан қуғындамағандарға жақсылық жасап, әділдікпен қатыс жасауларыңа Алла Тағала тыйым салмайды. Расында Алла турашылдарды жақсы көреді» дейді.

Аналарға барлық құрмет лайық. Ол Ұлы Алла Тағаланың өсиеті.

Бауыржан қажы Нығызбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен қалалық орталық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk