wrapper

Соңғы жазбалар

Өткен жылдың соңында діни білім беруші ұстаздардың республикалық жиынынан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бастамасымен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды.

Бұл құжат ерте де кеш те емес, тура уақытында бекітілгендігімен де маңызды. Басты мәселе  діни білім берудің сапасы болғандықтан  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти: «Біздің медреселер колледж деңгейінде білім беруде» деп бүгінгі діни беретін оқу орындарының оқу сапасы  жайлы айтып өтті.

Егер аталған құжат бұдан бұрын қабылданғанда оқу сапасын көтеру мәселесі басты назарда тұрар еді. Ал қазірде оқу сапасы көтерілген соң бұдан арғы бағыт бағдарды айқындайтын басты құжатты қабылдау заман талабында тұрған ең өзекті мәселе болатын. Сондықтан тұжырымдама тура уақытында өз кезегімен қабылданды.

Бұл құжат елімізде діни білім беруді жетілдіру, осы саладағы түйткілдерді арылтуға бағытталып отыр. Діни білім саласында қордаланған мәселелер сонғы жылдары реті-ретімен  тарқатылды.

Тұжырымдама арқылы діни білім берудің бағыттарын айқындап, оқу орындарының мәртебесін белгіледі. Білікті , кәсіби діни мамандар даярлауға басымдық берілген.

Сонымен қатар бұл құжат діни білім алушыларға зор жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі діни мамандар ислам қағидаларын терең зерттеп, заманға сай білім алған, мемлекетіміздің заң актлерімен, құқықтық нормаларды жеттік меңгерген, шет тілдерді  еркін игерген, зиялы тұлға болып қалыптасуына осы құжаттың ықпалы зор болмақ.

Бүгінгідей діни ахуалдың күрделі кезеңінде мұндай құжат қабылдаудың маңызды екендігі аян.

Сонымен бірге діни саладағы ұстаздарға да жаңа заман өресімен биік талаптар қойылуда. Бүгінгі өркениет пен заман талабына сай білім берудің озық үлгілерін игеру, әдістемелікті жетілдіру талабы туындап отыр. Алайда үнемі ізденістің нәтижесінде, анық бағытпен бағдарлауадың арқасында бүгінде діни білім беру осындай жаңа сатыға көтерілген

Тұжырымдама сонымен қатар діни білім беру саласындағы ұстаздардың да мәртебесін айқындайды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда әсіресе жастардың асыл дінімізге бет бұруы қуантады. Және де діни білім алуға ынталы жастар жыл сайын көбейіп келеді. Осы жағынан алып қарағанда да аталған тұжырымдаманың да маңыздылығы басым. Тұжырымдама жалпы шәкірттердің соның ішінде діни білім алып жүрген жастардың рухани мәдениетін кеңеюіне кең жол ашады.

Келесі қырынан қарағанда діни білім алуға талаптанушыларды ынталандырады.

Сонымен бірге бұл құжаттың тағы бір артықшылығы діни бағытта білім алушылардың өз ұстанымдарына берік болу, басқа ағымдарға адаспауға ықпал етеді.

Және де бүгінде қызметтеп жүрген имамдардың біліктілігін арттыруда баса назар аударылып, жылына бірнеше мәрте білім жетілдіру семинарларымен, курстары ұдайы ұйымдасырылып келеді.

Бұл орайда ҚМДБ жанындағы имамдардың біліктілігін жетілдіру институтына да бірқатар міндеттер мен жаңа бағыттар жүктелген.

Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру елімізде екі кезеңмен жүзеге аспақ. Алдыңғы кезеңінде еліміз бойынша заман талаптарына қабылетті діни білім берудің бірыңғай ұлттық модельін құру мақсаты көзделген. Сонымен бірге мұнда мешіттерді діни білім беру, рухани орталықтар етіп қайта құрылымдау секілді ең өзекті мәселелер қамтылған. Діни білім алуға үміткер әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау тетіктері де осы құжат арқылы айқындалған.

Аталған құжат іске асудың екінші кезеңі 2019-2020 жылдары  толық жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Діни басқарманың қабылдаған осы құжаты діни білім берудің өрісін кеңейтетін ұлағат арнасына айналары сөзсіз.  

Мирас Көкебаев,Шығыс Қазақстан облысы

Зырян ауданы «Ақтан мешітінің» Бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk