wrapper

Соңғы жазбалар

Халқымызды «Ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген қасиетті сөз бар.

Тарихымызда ақсақалды қариялар қашанда береке мен бірліктің ұйтқысы, салт пен дәстүрдің сақтаушысы, жақсылық атаулының жаршысы, ұлағат пен ұлылықтың бастауы болған.

Рулар арасындағы тартыстар мен дау шарлар ақсақалдардың бітім айтуымен келісім тауып отырғандығын білеміз.

Ақсақалдар өткен замандарда қоғамды біріктіруші күш болғандығы аян. Рулар мен ұлттар арасындағы татулық, ағайынның бірлігі тек ақсалдардың ұлылығы мен даналығына тәуелді болған десек қателеспейміз.

Бір ақсақалдың сөзіне бүтін бір ру, бүтін бір ел тоқтаған. Бұл қасиеттер мен салауаттылық сол замандағы қарияларымыздың данагөйлігін, шешендігін, кемеңгер, қайраткерлігін білдіреді.

Ақсалдар өз ісімен, өшпес өнегесімен өз ортасына ғана емес, бүгінгі ұрпаққа үлгі болды.

Қарияларымыздың қайраткерлігінің, даналығының арқасында ұлтымыздан ұлағатты ғұламалар, жігерлі батырлар мен, шешендер мен даналар туды.

Кешегі өткен осындай ұлағатты ақсақалдардың ғибратқа толы ғұмырын жалғастыру, өнегесі мен ұлағатын ұрпаққа аманат ету бүгінгі біздің ұрпақ алдындағы абыройлы міндетімізге айналып отыр.

Зайырлы қоғамдағы салт дәстүрді насихаттау, тұрақтылық пен тыныштықты баянды ету, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде ақсақалдар институтының ролін бекемдеу қазіргі таңда ауадай қажет десек артық айтқандық емес.

Сондықтанда қариялардың қоғамдық белсенділігінің маңызы зор. Ал қарияларымызда  ақсақал деген атына заты сай болуы керек. Ақсалдарымыз өздерінің өнегелі ісімен, ұлағатымен, ұлылығымен ауылына, аймағына, ауданына үлгі болу керек.  

Әр қария өзін ұрпақтарға саналы тәрбие беруші, салт дәстүрдің сақтаушысы ретінде сезініп, қазақтың ақсақалы деген қсиетті атқа лайықты болуы шарт.

Өкініштісі орамызды аузында даналыққа толы батасы жоқ, ұрпаққа берер тәлімі жоқ жасы үлкен адамдарда көптеп кездеседі.

Қазіргі заманда, осынау қоғамда кері ағымдар мен келеңсіз көріністер көптеп кездесіп отыр. Жастарды осындай жат қылықтардан аулақ ұстау, оларға ұлағатты өнеге беру қазіргі таңда ақсалдардың келелі міндеті.

Әсіресе болашақ жастарымыз қоғам дерті болған есірткіден, жат ағымдардан түрлі қылмыстардан сақтандыру қажет. Бұл бәрінен де маңызды..

Әр ақсақал өз ауылына ие болса мұндай келеңсіздіктер орын алмайды.

Қарияларымыздың қазынасы болашаққа ұлағат көмбесі болмақ. 

Айдын Жортымов, Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы, «Ұранхай қажы»

мешітінің бас имамы.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk