wrapper

Соңғы жазбалар

Әссәләмуғалейкум! Мен терминал жайлы сұрақ қойғанмын. Оған жауап алдым. Енді, сол терминалдың ішінде «олимп ойыны» бар. Ол маған харам болмай ма? Менінкі «платеж терминал». Тек, комиссиясын алам. Ал, олимп ойынында «комиссия» жоқ. Сонда да, алғызып тастайын ба? Айгүл.

 

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Терминалдағы «олимп» бағдарламасы букмекерлік кеңсемен тікелей қатысы бар. Терминалдағы «олимп» бағдарламасы арқылы өздерінің букмекерлік шотына ақша салып, кеңсеге барып ойнайды. Букмекерлік ойыны құмар ойыны санатына жататындықтан, оған ақша тігу харам.  

Сондықтан да, терминалыңыздағы «олимп» секілді бағдарламалар күнә іске жәрдем еткен болып есептелетіндіктен шариғи тұрғыда дұрыс емес. Құран Кәрімде: «Бір-бірлеріңе күнә мен дұшпандықта жәрдем етпеңдер»[2], - деп бұйырған.

Сондай-ақ, қондырғыға ондай бағдарламаны орнату - күнәға апарар жолды ашқанмен тең деп ойлаймын. Бұған байланысты Алла елшісі: «...Кімде-кім, жаман жолға бастаса (ойлап шығарса, жаман үрдіс қалыптастырса), сол жолмен жүрген адамның күнәсіндай күнә оған да жазылады...»[1], - деп ескертеді. 

Ендеше, терминал саудасымен айналысқысы келген діндар кісі қондырғыдағы дәл әлгіндей күнәға жетелейтін бағдарламаны өшіртіп, яки, бұғаттатып тастағаны дұрыс (блокировка). Әлдебіреудің күнә жасауына себепкер болмай-ақ қойғаны жақсы. 


[1] Ибн Мәжә, №199 хадис.; Тирмизи, №2618 хадис.
[2] Маида сүресі, 2 аят.

Абдусамат Қасым

Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk