wrapper

Ұланғайыр отанымыздың бір шеті Шығыс Қазақстаннан басталады. Алтай тауының бауырындағы көрікті өлкеден ежелден дініміз Исламның үрдісі үзілмеген.

Шығыста басқа ұлт өкілдері көптеп өмір сүреді. Бұл бір жағынан ислам дінінің кең қанат жаюына, ауылдармен қалаларда мешіттердің көптеп ашылуына да айрықша әсер ететіндігі аян. Ұлттар арысындағы татулыққа сызат түскен емес.

Ұлы пайғамбарымыз (с.ғ.с) барлық адамзат баласына тату-тәтті болуды өсиет еткен-ді.

Көп жылғы кеңестік саяси жүйенің қысымынан да адамдардың санасындағы иман түсінігі төмен деңгейге түскені де ақиқат. Сондықтан халықты бір мезетте дереу басқа бағытқа бұру шарасы да оңай болған жоқ

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан өңірінде Ислам дінімізге бет бұрушылар саны артып келеді. Әр жұма сайын мешіттегі жамағаттың қатары арта түсуде.

Облыс орталығын Өскемен шаһарына Ұлы Алланың қалауымен жаңадан көркем мешіттің салынуы қасиетті дінімізді жаңғыртуда үлкен бастамашыл іс болды.

Ұлы Жаратушы осы өлкенің мұсылман жамағатына құлшылық жасауға, ата дініміз Исламды түлетуге, ұлықтауға, иман жолына бет бұруымызға үлкен мүмкінддік тудырып берді.

Қазір мешітте көптеген іс шаралар өтіп жатады. Әр сәт сайын мешітте жамағатқа әсерлі уағыз насихаттар айтылады. Адамгершіліктің асыл бастаулары насихатталады. Ол ғибраттар жамағат жүрегіне жол табады.

Мешіт ғимаратында оқу курстары үздіксіз жүрілуде. Ислам тағылымдарымен сусындағысы келген талапкерлерге есік әркез ашық.

Және де жүрегі жаралы келген қаншама жандар жанына сабыр тауып қайтып жатады.

Дініміздің бір асыл қасиеті қайырымдылық. Ұлы Алла Тағаланың алдында аса үлкен сауапты іс болып саналады.

Мұқтаждарға жәрдем ету жөнінде хадистерде: «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе , Алла Тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла Тағала да оған жәрдем етуін жалғастыра береді» делінген.

Аурулардың сырқатына шипа болуды көмек берілді. Тұрмысы төмен отбасыларға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да жәрдем жасалды.

Бұның барлығы да жалпы адамзат баласына Қасиетті Құранда үкім етілген міндеттер мен қастерлі парыз еді.

Ислам жолындағы қызмет дегеніміз - Ұлы Алла Тағаланың алдындағы парыз, міндеттерді орындау.

Қазіргі таңда молдалар мен имамдар жалпы қоғамның барлық саласында өз үлесін қосуда . Әсіресе қоғам санасын сауықтыруда басты маңызға ие болып отыр.

 

Тілейбек Соянұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданының Бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk