wrapper

Асбаханий Әбу һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата-анаға жақсылық қылу – өмірді ұзартады. Өтірік айту – ризық-несібені қысқартады. Дұға – қазаны қайтарады» депті. Осы хадисте өтіріктің бұл дүниедегі зияны – ризық-несібені азайтатындығы айтылады.

Демек, өтірік сөйлегені үшін адамның жеке басының, кәсіпкердің кәсібінің, мекеме бастығының мекемесінің берекесі кетеді, ризық-несібесі шашылады. Адамдар көбінесе пайда табу үшін өтірік айтады. Бұндай жағдайда адам пайда емес зиян табады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пайда табу үшін өтірік ант ішіп, тауарын сатқан һәм саудасына өтірік қосқанның кәсібі құрыйды» деген. Басқаларға ұнау үшін немесе оларды күлдіру үшін өтірік сөйлейтіндер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы: «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқан адамға нендей өкініш. Оның соры құрысын, соры құрысын» деп үкім айтқан.

Исламда тек бір жағдайда ғана өтірік айтуға рұқсат берген. Ренжісіп қалған ерлі-зайыпты адамдардың арасын жарастыру үшін айтылған өтірік сөз зиян емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсы сөз айтып, жақсылықты көбейтіп, адамдардың арасын жарастырған адам өтірікші емес» деген.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk