wrapper

Ұлы Абай атамыз: Сағаттың шықылдағы емес ермек, 

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. [1]

деп әр сәтіміздің өмірііміздің қымбат сәттері екендігін айтып кеткен.

Мұсылман адам әр сәтін пайдалы іске арнауы тиіс. Сол себепті мұсылмандардың өмірін жоспарлай білуі маңызды. Адам алдына жоспар құрып алмаса қателіктерге ұрынуы мүмкін. Себебі өмір жолы түрлі қиындықтарға, күрделі оқиғаларға толы. Іс-әрекет жоспарлы болмайынша адам өз мақсатына жетуі мүмкін емес.

Әзірет Әли: «Уақыт-қылыш, сен кеспесең ол сені кеседі» [2] дейді. Ардақты пайғамбарымыз(с.ғ.с) «бір күнің екінші күніңе ұқсмасын» [3] деген. Яғни мұсылман баласы үнемі талпыныста болып, әр күні жаңалыққа толы болсын деген сөз.

Әли ибн әл-Хаттаб өз сөздерінде: «Жоспар құру адамның діттеген мақсатына жетудегі басты қадам» [4] деген.

Демек, өмірлік жоспар нақты нәтижеге жетудің ең басты кепілі. Уақытты жоспарлау арқылы адам өз өмірін түбегейлі өзгертіп, жаңа жетістіктерге жетеді. Уақыт – Жаратушының адам баласына берген шексіз нығметі әрі сынағы. Нығметі-ол адамның адам болып өмірге келуі, жарық дүниеде өмір сүруі болса сынағы дегеніміз ақыретте жауап беруі болып таблады.

Алла Тағала барлық адамға уақытты тең дәрежеде үлестірген. Әр адамға 24 сағат берілген. Осы берілген мерзімді адам дұрыс жоспарлап, пайдалы іске арнап, өмір сүруі тиіс. Шындығында уақытты жоспарлай білу табысқа жетудің бастамасы.

Жоспар құрған адам оның дұрыстығына аса маңыз беруі керек. Бір сөзбен айтқанда жоспарды дұрыс құрып, ақылмен іске асыру адамды биікке шығарады. Ал керісінше, жоспар құрғанда немқұрайлы қарау сын қатерлелерді ескермеу жоспардың іс-әрекеттің нәтижесіз болуына әкеп соғады.

Алла Елшісі (с.ғ.с): күннің үште бірін құлшылыққа, үште бірін өмір сүруге, үште бірін демалуға арнау керек деген. Яғни 24 сағатты үшке бөліп, пайдалы іскеарнау туралы насихат берген

Жоспарлаған істі реттеу оның өмір-тіршілігін жеңілдетеді. Адам жоспар жаағанда сол істі атқара алатындығы туралы өз мүмкіндіктерін сарапқа салып, барынша мұқият қарау арқылы өз ісін зерттеп, уақытпен санасып, айналаға жіті назар аударып, барынша жауапкершілкпен қарайды.

Адамдар уақыты тимді басқарып бағалай алмаудан өміріне жоспар құра алмаудан жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайды.

Алла Тағала адам баласын көркем түрде кемшіліксіз жаратқан. Алла Тағала Құранда:

لَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ

Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық.[5] деген. Демек, адамды Алла Тағала өте көркем етіп жаратқан.

Бабаларымыз: «Өзіңді өзің сыйла» деп, нақыл қалдырып, әр адам өзін әркез биікке ұмтылып, жақсы істерге талпына беруге насихаттаған.

Өмірде мақсатсыз адам болмайды. Бірақ өкінішке орай көп адамның мақсаты орындалмас арман болып қала береді. Өмірлік жоспар құру, уақытты тиімді іске жұмсау туралы Алла Тағала Құранда:

         وَجَاهِدُوا بِأَمْوَالِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

Және дүние-мүліктеріңді де, шыбын жандарыңды да аямай Алла жолында жиһад жасаңдар. Біле білсеңдер сендер үшін сол қайырлы,[6] деген. Әр адам өз уақытын пайдалы, қайырлы іске арнауы керек.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбарак хадисінде:

إنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى،

«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі»[7] деген. Алла Елшісі (с.ғ.с) өмірді жоспарлап, жақсы іске ниет етудің пайдасы жайлы осы хадіисінде айтып өткен.

Істі жоспарлау туралы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінде өнеге жетерлік.

Алла Елшісі (с.ғ.с) Мәдинаға көшерде бұл істің толық орандалуы үшін келесі жоспарды іске асырды :

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдина қаласына көшпей тұрып, оның берекелі ислам астанасына айналу үшін халқын дайындады. Бұл ұлы іске Алла Елшісі (с.ғ.с) мұсылмандардың ішінде ең тартымды, сөзге шебер Мұсғаб ибн Умайр деген жас жігітті таңдады. Бұл ұлы сапарға қасына серік ретінде Әбу Бәкірді таңдады.

Төрт ай ай бұрын бұл ұлы сапарға түйелердің ішінде ең жүйрігін таңдап, жарып дайындады. Уақытша паналау үшін «Сәуір» үңгірін таңдады. Амир ибн Фаһир есімді бақташыны таңдап, Сәуір үңгіріне дейінгі іздерін жасыру үшін пайдаланды. Абдолла ибн Ариқат есімді мүшрікті жол көрсету үшін жалдады. Мүшріктер алдана тұру үшін өзінің төсегіне Әлиді қалдырды. Мүшріктердің хабарын жеткізіп тұру үшін сол кезде әлі сәби Әбу Бакірдің баласы Абдолланы тағайындады. Міне, әз пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір мақсатқа жету үшін осындай жоспар құрған.

Балаларымыз: «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» [8] деп ақылдасудың маңыздылығын ескерткен. Әр адам жоспарлағанда немесе оны іске асырар алдында ұжыммен және жақындарымен және отбасымен кеңесіп шешім қабылдаса одан күтілетін нәтижеде зор болмақ. Өзгелердің ойларымен сындарын ескермей шешім қабылдау, көбінесе сәтсіздікке апарады.

Алла Тағала Құран кәрімде білмеген жағдайда білім иелерінен сұрау керектігін айтқан:

فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ

«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар»[9]

Әр істі жоспарлағанда оның орындалу мерзімдерін қою керек. Әрбір істің күрделігіне, ауқымдығына байланысты жасалу мерзімдерін тағайыналады.

Әр адам өзі ісін қорытындылап, қандай жетістіктерге жеттіңіз , қайсыған жете алмадыңыз соны сараптап, өз-өзінен есеп алса өмірлік істе тұрақтылық, жауапкершілік пайда болады. Қорыта айтақна, бес уақыт намазға мұқият болған адам секілді құрған жоспарыңызға да аса мұқият болуыңыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Абай шығармалары Алматы 2010 29 бет

[2] Амиди Әбул-Хасен ибн Әби Әли ибн Мұхаммед, әл-Ахқам фи Ұсили-Әкбар Мысыр, Каир 1968 ж

[3] әл-Мүдәууәне том I-X

[4] Әли ибн әл-Хаттаб II Мысыр 6- басылым

[5] Тин сүресі, 4-аят.

[6] Тәуба сүресі, 41-аят.

[7] Бұхари хадистер жинағы.

[8] Қазақ нақыл сөздері Алматы 2010 ж

[9] Нахл сүресі, 43-аят.

 

 

Аслан Абаков

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk