wrapper

Соңғы жазбалар

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған

«Қазақ даласындағы Ислам айшықтары» атты қылқалам және

майлы бояумен салынған көркем сурет байқауының

ЕРЕЖЕСІ 

Мақсаты: Исламның рухани құндылықтары діни ілімнен және құлшылық рәсімдер аясынмен ғана шектелмейді ол ұлттық діни дәстүрлермен ұлттық рухани мәдениетпен,тарихпен терең тамырлас болып келеді.

Рухани жаңғыру аясында дін мен дәстүр сабақтастығын зерделеу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі оқушылар арасында «Қазақ даласындағы Ислам айшықтары» атты қылқалам және майлы бояумен салынған көркем сурет байқауын жариялайды. Байқауға 1-11 сынып оқушылар қатыса алады.

Шарты: Байқауға Қазақстандағы мешіттер мен медреселердің және Қожа Ахмет Яссауаи кесенесі, Тайқазан, Арыстан баб кесенесі, Бекет ата кесенесі және тағы басқа да тарихи орындардың қылқалам және майлы бояумен салынған суреті қабылданады.

Суреттерді түпнұсқа қалпында 2019 жылдың 1 тамызына дейін Өскемен қаласы Сатпаев даңғылы-90 «Халифа Алтай» мешіті деген мекен-жайға жолдау керек. Немесе ауылдық, аудандық, қалалық мешіттер арқылы жолдауға болады. Сонымен қатар «Халифа Алтай» мешітіне әкеліп тапсыруға болатындығын ескертеміз.

Бағалау: Байқауға келіп түскен суреттерді қазылар алқасы сараптап, қорытындысын шығарады. Үздік көркем сурет иелеріне сыйлықтар беріледі. Байқауға келіп түскен барлық көркем суреттер «Халифа Алтай» мешітінде ашылатын «Ислам мәдениетінің тарихы» мұражайына қойылады.

Ақпарат алу: Сурет байқауына қатысты сауалдарға ауыл, аудан, қала мешіттерінен жауап алуға болады. Немесе 87773283199, 87767111135 ұялы телефондары арқылы хабарласуға болады.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ӨСКЕМЕН АЙМАҒЫ ӨКІЛДІГІ


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk