wrapper

Соңғы жазбалар

1. Зекет — қоғамдағы бай мен кедейді бір-біріне жақындастырады. Бай мұқтаждарға жәрдем берудің қуанышына кенелсе, кедейде де байларға деген оң пейіл мен дұрыс пікір қалыптасып, қызғаныш пен қастандыққа бармайды. 

2. Зекет жұмысқа жарамсыз жандардың қалыпты өмір сүрулерін сақтайды. Әзіреті Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кедейлердің себебімен қияметте байлардың халі неткен өкінішті болмақ! Кедейлер: «Уа, Раббымыз! Сенің бізге бөлген ақыларымызды бермеу арқылы байлар бізге зұлымдық жасады»- дейді. Сонда Алла Тағала: «Сөз жоқ, сендерді өзіме жақындатамын да, оларды ұзақтатамын». Бұдан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Олардың мал-мүліктерінде сұрағандарға  (тіленшілер) да, сұрамағандарға да белгілі үлес бар».  («Зарият» сүресі, 19-аят) деген аятты оқыған.

3. Зекет – адамды сараңдықтан қорғап, қолы ашық жомарт болуға баулиды. Қара бастың қамын ойлаудан құтылып, өзгелерді ойлауға мүмкіндік береді.

4. Зекет – Алла Тағаланың берген дәулетіне шүкір ету болып табылады. Ақиқатында зекет беру мал-мүлікті азайтпайды. Керісінше молайтып, берекеттендіреді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Егер сендер шүкір ететін болсаңдар, онда мен міндетті түрде нығметімді арттыра түсемін», -дейді.

5. Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасайды. Пайғамбарымыз: «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін жамандықтың алдын алыңдар», — дейді. (Кашфул-хафаа, 1/361).

kazislam.kz 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk