wrapper

Соңғы жазбалар

Қадыр түнін барлық мұсылман баласы асыға күтеді. Бұл Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға шын пейілімен мінәжат етіп, дұға жасайды. Қасиетті Қадыр түнінің атауының әуелгі мәні– адамзаттың келесі жылғы өмірі мен несібесі, тағдыры айқындалып жазылатын түн. Екіншісі – аса қадірлі, қасиетті, ұлық түн. Мың айдан да қайыры мол бұл түннің – өзге түндерден асқақ, берер берекесі ұшан-теңіз.

Қасиетті Рамазан айында келетін қадір түнінің қасиеті Құран Кәрімде «Қадір» сүресінде кең баяндалады. Құранда: «Қадір түні мың айдан да қайырлы» деп ұлықталған. Қадыр түнінде жер беті нұрға тұнып, барлық періштелер мүміндерге Ұлы Жарттушы Иенің рахым, мейірімін айтып, ізгілік себеді. Бұл жайлы Алла Тағала Құран Кәрімнің «Қадыр» сүресінің 5 аятында: «Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады-деп айтылған.

Алла Елшісі ардақты пайғамбарымыз: (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына нанып, Алладан сауабын күтіп, құлшылық қылса, жасаған күнәлары ғафу етіледі» (Бұхари, Қадір, 1) деп қасиетті түннің барлық қадыр-қасиетін түсіндіріп өткен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны» деп қадыр түнінің барлық қасиетін ғибратына арқау еткен.тағылым хадистерде Айша (р.а.) анамыз Алла Елшісінен (с.ғ.с): «Егер Қадір түніне дәл түссем, онда қандай дұға айтайын», – деп сұрайды. Оған (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мына дұғаны оқы: «Аллаһуммә иннәкә ғафуун тухиббул ғафуә, фағфу ғанни» ,- деп жауапқайырған. Бұл дұғаның мағынасы: «Уә, Жаратушым! Шынында сен жарылқауды жақсы көресің. Мені жарылқай гөр» делінген.

Қадыр түнінде нендей амалдар жасау керек. Ардақты пайғамбарымыздың тағылымдарымен Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнінде Аллаға жалбыранып ғибадат жасап, намаз оқып, жүректегі ізгі сезімдерді бекемдеуге шақырған.

Әсіресе қасиетті түнде Құран Кәрімды оқып, немесе тыңдап, Жаратқанға барынша ықыласпен құлшылық етуге тиіспіз. Сонымен қатар Алла Елшісіне (с.ғ.с) сансыз салауат айтып, шапағатын тілеп, үмбеті болғанымызға шүкіршілік айтсақ мол сауапқа кенелеміз.

Әрбір мұсылман баласы бұл түнді мешітке барып уағыз-насихат тыңдап, жан дүниесін рухани нұрға толтыру ләзім.

Бұл түнде Аллаға тәубе айтып, мен истиғфар жасап, теріс жолға түсуден сақтанып, игілікті амалдар жасауға талпынуымыз керек.

Барша мұсылманның тілегі қабыл болғай!


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk