wrapper

Соңғы жазбалар

Рамазан – Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы.

Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі.

Рамазан – ақ пен қараны ажыратып, тура жолды көрсетуші Құран атты ұлық пәрмен жерге түсе бастаған мүбәрак ай.

Рамазан – құлдың шын ықыласпен тәубаға келіп, Ұлы Жаратушысына қайта бет бұру заманы.

Рамазан – Хақ тағаланың мейірім-шарапаты ерекше асып-тасатын айрықша ай.

Рамазан – пенделік іс-қылықтардан мейлінше арылып, барынша рухани кемелденіп, ішіп-жеуден уақытша болса да тыйылып, «періштеге» ұқсап бағудың табылмас сәті.

Рамазан – он бір ай бойы кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып, кемелденуі үшін Құдай тағаланың арнайы бекіткен киелі бағдарламасы.

Рамазан – атойлаған нәпсіге тойтарыс беріп, оған қыл бұрау сала ауыздықтау айы.

Рамазан – қара ниетті шайтанның ауыз бекіткен адам баласын азғыруда амалы құрып, кері шегінетін айбарлы айы. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың: «Рамазан айы келгенде, жәннаттың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді» деуі бұл айда шайтан атаулының көксегеніне жете алмай дымы құритынын білдіреді.

Рамазан - құлдың Хақ тағалаға барынша жақындау үшін күллі қам-қарекетін салатын, бар жігер-қайратын төгетін ұлы майданы.

Рамазан - сексен үш жылдың сауабына тең келер қасиетті Қадір түні бар ең берекелі ай.

Рамазан - жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы.

ОРАЗА – ҚҰТ - БЕРЕКЕ

Ұлы Жаратушы, құдiретi күштi Алла Тағала пендесiнiң мойнына 5 парызды жүктеген. Сол парыздардың бiрi – ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден кiм рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кiмде-кiм науқас болып, әйтпесе, жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесiн. Алла сендерге жеңiлдiк болуын қалайды, ауырлық түсiргiсi келмейдi» дейдi (Бақара сүресi, 2/185).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2014 жылдың 28 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні болып бекітілді.

Ораза деген не?

Рамазан айы – Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Исi мұсылман қадiр тұтатын қасиеттi Құранның алғашқы аяттары да Алла тарапынан рамазан айында түсiрiле бастаған. Сондықтан, Рамазан айы – Құранның, құлшылық пен тәуба, кешiрiмнiң айы.

Бiр ай бойы iшiп-жеуден ғана емес, өтiрiк-өсек айту, бiреудi сыртынан ғайбаттау, бейәдеп сөздер мен қылықтар сияқты адамгершлiк қаиғадаларына жат әдеттерден аулақ болу керек. Ораза ұстаған адамда Алладан қорқу, Оны сезiп тұру, тақуа сезiмi пайда болады. Ораза нәпсiнi тiзгiндеп, жүректi тазартады. Жүректе Алла Тағалаға деген сүйiспеншiлiктен басқаға орын қалмайды. Ораза ұстаушының күнәлары кешiрiлiп, сабырлылығы мен кешiрiмдiлiгi артады. Аштықты басынан өткiзген адам кедейлер мен кембағал жандарға жақсылық iстеу керектiгiн жүрегiмен сезiнiп, түсiнедi. Алла Тағала баршаңызды рамазан оразасын шын ынта-ниетiмен ұстаушылардан, қиямен күнiнде солар ғана кiретiн, әр-Райиан есiгiнен кiрушiлерден етсiн. Қасиеттi рамазан айы мүбарак болсын!

Оразаның пайдасы

Ораза – адам үшiн ең керектi дәрi, рухани әрi материалдық, медициналық диета. Адамның тынбай iшiп-жей беруi оның денсаулығына зиян. Рамазан айындағы ораза он бес сағатты, сәресi iшiлмесе, жиырмаға жуық сағатты құрайды. Осыншама уақыт аштыққа төтеп беру шыдамдылық пен төзiмдiлiктi шынықтырады. Демек, ауыз бекiтiп, ораза ұстаудың рухани және дiни тұрғыдан да, адам ағазасына медициналық тұрғыдан да келтiретiн пайдасы зор. Мысалы, ораза ұстау iшек ауруларына ем ретiнде кеңiнен қолданылады. Кейбiр терi ауруларының жақсаруына, асқазан мен iшек жұмыстарын жеңiлдетуге де септiгi мол. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр ауруларына адам ағзасының қарсы тұру қабiлетiн де жақсартады. Әлемге танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы Алекс Каррел: «Белгiлi бiр уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi, терi астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы) протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүректiң бiртұтастығын қорғау үшiн жанын сала әрекет етеді. Мiне, осылайша ораза тканьдердi тазалап, өзгертiп отырады» деп жазған. Негiзi адам бойындағы шайтани әрi нәпсiқұмарлық сезiмнiң оянып, қозуы ағзадағы жыныстық гормондардың әсер ету күшi мен олардың мөлшерiне байланысты. Ал ораза осындай гормондардың қандағы мөлшерiн азайтатындықтан, адам бойындағы құмарлық сезiмдi басады.

Ораза тыйым салады

Оразаны бiле тұра әдейi бiр нәрсенi iшiп-жеу, жыныстық қатынас жасау, әдейiлеп құсу бұзады. Егер адам ораза ұстап жүргенiн ұмытып кетiп, аузына ас салса ораза бұзылмайды. Түтiн, шаң, қар түйiршiктерi мен жаңбыр тамшылары сияқты басқа да жеуге жарамайтын нәрселер байқаусызда аузына түсіп кетсе, ауаға тез таралып кететiн нәрселердi ерiксiз иiскеу немесе iшке тарту, көзге сүрме жағу (макияж), қош иiстi гүл мен әтiрлердi иiскеу де (әдейілеп құшырлана иіскеуге болмайды) оразаға зиянын тигiзбейдi. Қан алдыру, сүлiк салдыру, тiс жұлдыру (ауыздағы қан немесе дәрi тамақтан өтiп кетпеуi тиiс), құлаққа және көзге дәрi тамызу, құлаққа су кiру де зиянын тигізбейді. Ал мұрынға дәрi тамызса, ораза бұзылып, қазасы өтеледi. Сонымен қатар әйелдер ораза ұстар кезде хайыз бен нифастан таза болуы шарт. Олай болмаған жағдайда ғұсыл дәретiн алғаннан кейiн ораза жалғастырылып, кейiн хайыз болған күндердiң қазасы өтеледi.

Пiтiр садақасы

Садақаны ораза басталысымен беруге болады. Аяғы ауыр әйелдер, жазылмайтын дертке ұшырағандар мен денсаулығы жарамайтын адамдар ауыз бекiтпей-ақ, ораза ұстауға мiндеттi әрбiр күнi үшiн пiтiр садақа беруге болады. Алла Тағала бұл туралы: «Ораза ұстауға шамасы келмейтiндер бiр жарлының тамағын төлесiн» дейдi (Бақара сүресi, 2/184).

Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді. 

Тарауық намазы

Тарауық – Рамазан айына ғана тән 20 рәкаттық намаз. Ол «тынығу, демалу, рахаттану» деген мағынаны бiлдiредi. Рамазан айында Тарауық намазын оқу Ислам рәмiзiне жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кiмде-кiм Рамазан намазын (тарауихты) шын көңiлiмен сауабын Алладан күтiп оқыса, оның өткен күнәлары кешiрiледi» деп үмметтерiнiң сауабы мол намазды оқуға деген құлшынысын арттыруға тырысқан.Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

Қадiр түнi

Ләйләтүл-қадр, яғни Қадыр түнi, мыңдаған айлардан артықшылығы мол, қасиетi басым осы түнi исi мұсылман Алла Тағалаға құлшылық етiп, тiлек тiлеуден жалықпауы тиiс. Жаратқан Ие Қадыр түнiнiң нақты уақытын құлдарына әдейi нақты көрсетпеген. Себебi, Алла Тағаланың шарапаты мен шапағатына, алғысына ие болуға асыққан құлдар әр түндi қасиеттi түн ретiнде қабылдауға, тынбай құлшылық етуге мүдделi. Биыл шілде айының 23- нен 24-іне қараған түні қасиетті Қадір түні.

Ескеретiн жайттар

Оразада таңертең күнде ниет ету және ұйқыдан оянып, сәресiнi iшу – сауап. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисiнде: «Сәресi тамағы – берекет. Бiр жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткенi Алла Тағала сәресiде тамақтанғандарға рақымдылық етiп, перiштелерi де олар үшiн кешiрiм тiлейдi» деген. Ақшам намазын кешке ауызашардан кейiн оқу да – сауапты iс. Сонымен қатар «Мен – оразамын» деу де сүннет. Егер бiреу ораза ұстаушыға дауыс көтерiп сөйлесе, керiскiсi келсе, «мен – оразамын» деп ескертуi тиiс. Ораза мүбәрәк болсын, ағайын!

Дұғалар

Оразаға ниет: Алла Тағала үшін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім.

Сәресіде ауыз бекітерде оқылатын дұға: "Науайту ан асума соума рамадана минал фажри иләл мағриби, халисан Лиллаһи таъала, Аллаһу акбар" (аудармасы: Алла ризашылығы үшін ниет еттім, Рамазан оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін тұтпаққа, Аллаһу акбар)Сәресін ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Кешке ауызашарда оқылатын дұға: "Аллаһумма ләкә сумту уә бикә аманту уә ъалейкә тауәккәлту уә ъалә ризкикә афторту уа ли соуми ғодин мин рамадана науәйту" (аудармасы: Жаратушы Ием, Сенің ризашылығың үшін ораза тұттым, Саған иман еттім, Саған тәуекел етем, Сенің берген ризығыңмен аузымды ашамын, ертеңгі рамазан оразасына ниет етем).Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.

 

 

www.hibatulla.kz


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk