wrapper

Соңғы жазбалар

Дінімізде мұсылмандарға зекет беру парыз етілген. Бұл туралы қасиетті Құранда «Тәубе» сүресінің 60-аятында: «Шын мәнінде, садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз. Қолы қысқа пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинаушыларға көңілдері алынатын (жаңа мұсылман-дарға), құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолаушы мүсәпірге беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі» деп, зекет берудің берудің маңыздылығын ерекше көрсеткен.

Ең алдымен зекет беруші беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, азат мұсылман болуы шарт болып есептеледі.

Келесі бір басты шарты ол күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, нисап көлеміне жететін байлық болуы тиіс. Нисап -зекетті парыз ететін қазынасының мөлшері.

Исламда Зекеті берілетін байлықтың мөлшерін былайша белгілеген.

Ол:

Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм

Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм

Түйеде: бес

Сиырда: отыз

Қой мен ешкіде: қырық

Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің құнына тең болса.

Ақшада: 85 грамм алтын немесе 595 грамм күмістің құнына тең болса

Бау-бақша және егіс өнімдері

Осы көрсетілген көлемде зекет берілді делінген

Зекеті берілетін байлыққа нақты бір жыл толуы шарт. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Бір жыл толмай байлыққа зекет берілмейді», – деген.

Зекеттің тағы бір шарты қарыз болмауы керек деп көрсетілген. Бұл жерде мұсылмандарға зекет берудежеңілдіктер де қарастырылғандығын көруге болады.

Себебі зекетке барлық түріне қарыз кедергі болады.Сондықтан қарыз төленген соң келер жылына зекеті берілуі тиіс деп есептелген.

Сонымен қатар бір немесе бірнеше жыл берілмеген зекет қалай өтеледі деген сұрақ әркімді мазалауы хақ. Бұл туралы шешім, пәтуаларға жүгінсек берілмеген зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде өтелуі тиіс деп көрсетілген.

Әрбір байлықтың Иесі тек ол Жаратушы Ұлы Алла Тағала. Сондықтан адамдарға нәсіп берген Аллаға зекет берілу шарт. Сол үшін мұсылман балаасы өзінің иігілігіндегі байлығына Алла разылығы үшін парызым деп сезініп, зекет беруі қажет.

Қуат Аманбол

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен аймағы бойынша

ҚМДБ «Зекет қорының өкілі


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk