wrapper

Соңғы жазбалар

Алла Елшісінің мінез-құлығын өз табиғатына ең керемет сіңдірген сахабалардың бірі Хазіреті Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) жамандыққа жақсылықпен қайырудың тамаша үлгісі боларлық тұлға еді.

Хазіреті Әбу Бәкір Мыстах атты бір мұқтажға үнемі жәрдем етіп тұрушы еді. Әбу Бәкірдің қызы, Пайғамбарымыздың жұбайы Айшаға қарсы «Ифк» оқиғасында жала жабушылар арасында Мыстахтың да болғанын естіген кезде Әбу Бәкір бұдан былай оның жанұясына көмектеспеуге ант ішеді. Әбу Бәкірдің жәрдемі тоқтап қалған кезде Мыстахтың жанұясы бейшара халге түседі.

Мына аяттың осы оқиға кезінде түскендігі риуаят етіледі: «Араларыңдағы молшылық пен дәулетке ие болғандар жақындарына, міскіндерге, мұхажирлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін! Ғапу етіп кешірсін. Алланың сендерді кешіруін қаламаймысыңдар? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді!». (Нұр сүресі, 22-аят)

Бұл аят түскен соң Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) «Мен әлбетте Алланың мені кешіруін қалаймын!» - деді де, антын бұзып, әрі мұны бұзғандығы үшін кәффаратын да өтеп барып Мыстахтың жанұясына жәрдем етуін жалғастырған еді. Себебі, ол Алланың кешіріміне лайық болу үшін кешірімшіл бола білу керектігін түсінген еді.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk