wrapper

Соңғы жазбалар

Күнделікті өзіміз мұқтаж күннің сәулесі мен жарығын, сәт сайын тыныстауымызға керекті оттегіні ауадан алуымызға мүмкіндік берген бір Алла қана. Бізге көру үшін көзді, есту үшін құлақты, ойланып-түйсіну үшін миды берді. Бұған қоса бүкіл дүниені біздер үшін сан жетпес нығметтерге бөледі. Ол адамды өзге жаратылыс иелерінен ерекшелеп, саналы етіп жаратты. Осынша сансыз нығметтерінің және мейірімінің қайтарымы ретінде бар болғаны бір Өзіне құлшылық етуімізді ғана әмір етті.

Намаз құлдың Жаратқан Иесіне деген шүкіршілігінің белгісі. Ал мұны ең абзал түрде қалай жасау керектігін үйреткен Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) кей күндері таң ағарғанға дейін түнімен намаз оқитын. Тіпті аяқтары ісініп кететін. Бұны көрген Айша анамыз (р.а.): «Уа, Алланың елшісі! Алла тағала сізді барша күнә атаулыдан сақтамап па еді, осынша таусыла намаз оқығаныңыз қалай?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаға көп шүкіршілік еткен құл болмаймын ба?»621 – деп шүкіршіліктің асыл мәнін ашып берген болатын.


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk