wrapper

Соңғы жазбалар

Адам баласына бұл өмірде Ұлы Жаратушы Иенің сынағы көп. Бұл туралы Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 155-аятында: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» деп ескерткен.

Алайда Алланың сынағы келгенде адам пендесі үмітсіздікке салынбау керек. Жырау бабамыз Ақтаберді өз толғауында:

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқадан қосым қалар деп,

Азаматтың баласы

Жабықаннын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар... деп деп жырлаған. Ер азаматтың серігі қашанда қайрат пен жігер деп көрген. Адам еш нәрседен үміт үзбеу керек.

Алланың бір сынағы ауру, науқас десек, оның да шипасы бар. Құранның «Бақара» сүресі, 214-аятында:«...Оларға ашаршылық және ауру-науқас келді...» деп, Алланың сынағы туралы айтылады.

 Екі дүние сардары ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Әрбір дерттің дауасы бар. Егер дерттің дауасы дөп түссе, (науқас) Алла Тағаланың рұқсатымен сауығады», – делінген. (Бұхари, Муслим). Демек, әрбір сырқаттың шипасы бар екендігі айтылған.

Құранкәрімнің «Шұғара» сүресі, 80-аятында: «Ауырсам, Ол (Алла) маған шипа береді» деген аяттарда  арудың шипасын Алла беретіндігі айтылады.

 Ауруған адамға дұға оқу арқылы дем салу бұрыннан бар. Бұл жайлы Әнас (р.а) бірде Сәбиттен (р.а)  «Саған Алла Елшісінің (с.ғ.с) ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?», - деп сұрады. Ол: «Әрине», - деді, Сонда Әнас: «Я, Алла, адамдардың Раббысы,  кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!» /Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!/- деп дұға оқиды дейді.(Бұхари).

 Дұға оқумен қатар дем салудың тағы да басқа түрлері бар. Соның бірі ол топырақ жағу арқылы дем салу.  Айша анамыздан (р.а)  жеткен хадисте бұл туралы: Пайғамбар (с.ғ.с) әдетте науқасқа: «Бисмилләһ! Турбәту ардина, бириқати баъдина, йушфа сақимунә, би-изни Роббина (Аллаһтың есімімен Біздің топырағымыз біреуіміздің түкірігімізбен, науқасымызға Раббымыздың рұқсатымен шипа болады!)» деп айтатындығы жазылған.. (Бұхари).  Алла Елшісі (с.ғ.с) осы дұғаны оқып, сұқ саусағын түкіріктеп, топыраққа тигізіп, пайда болған лай топырақты ауырған жерге жағатын болған.

 Осы дәйектерді қарай отырып, ауырған адамға дем салудың исламға ешбір қайшылығы жоқ екендігін байқаймыз.

 Ауырмау үшін де салауатты салт ұстанып, Аллаға деген құлшылығымыз қалыпты, сеніміміз нық  болу керек.

Дәулет қажы Қабидолдин

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk