wrapper

Соңғы жазбалар

Қазақта көз тию деген бұрыннан бар. Бабаларымыз алдымен тіл, көзден сақта деп Аллаға жалбыранып дұға тілеген. Сәбиге «көз тиеді» деп қара күйе жағу секілді ырымдар күні бүгінге дейін халқымызда сақталған. Соған қарағанда көз тиюден сақтану бұрыннан келе жатқан салт екендігі белгілі.

Көз тию туралы дініміз исламда да көп айтылады. Көз тиюдің бар екендігі және одан сақтану туралы көптеген хадистерде көп айтылады.

Діни хикаяларда «Көз адамды қабірге, түйені қазанға түсіреді» деген тәмсіл бар. Бұл хақында қасиетті Құран Кәрімде «Қалам» сүресінде «Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды» делінген. Бұл аятты Ибн Аббас және Мужаһид (р.а.): «Алла тағаланың қалауымен, көз тию және оның зияны бар екендігіне осы аят дәлел» деп тәпсірлеген.

 Тағылымды әңгімелерде: Алла елшісі (с.ғ.с.) Үмму Сәләмәның үйінде қызметші қыздың жүзінде қаралау дақ барын көреді де: «Мына қызға дем салыңдар, ол назарланып қалыпты» деп айтылады, Бұхари, Муслимнен жеткен хадистерде.

 Сонымен қатар хикаяларда Сахаба Саһл бин Ахнаф деген сымбатты кісінің  Алла елшісімен  (с.ғ.с.) бірге  сапарда келе жатып, көз тигендігі туралы да айтылады.. Саһл назарланып денесін көтере алмай жатып қалады, делінеді, Ахмед, Ибн Мажаһ.

  Осы оқиғаларға қарап отырып, көз тиюдің анық екендігіне көз жеткізе аламыз.

 Көз тигендерді емдеудің бір жолы – шипа ретінде Қалам сүресінің 51-52 аяттарын және Мұминун сүресінің 97-98 аяттарын оқып дем салу керек делінген. Сонымен қатар, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен шипалы дұғалар бар.

 Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаят еткен хадистерде: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хусайнге: «Әъузу кумә би кәлимәтилләһи әт-тәммә мин кулли шайтонин уә һәмма, уә мин кулли ъайнин ләммә» (Алла Тағаланың барлық сөздерімен әрбір шайтан мен зиянкестен және әрбір жаман көзден сен екеуіңе пана сұраймын),-деп дем салушы еді , және Ибраһим (ғ.с.) осылайшы ұлдары Исхақ пен Исмаилге жасаған» деп айтылатын еді, дейді, Тафсир Ибн Касирде.

 Жәбир бин Абдулла (р.а.) риуаятында: «Алла елшісі (с.ғ.с.) мазасыздық сезген кезде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп: «бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иушфикә» (Алла Тағала атымен саған дем саламын әрбір саған зиян ететін нәрседен, әрбір көре алмаушы мен көз тиюден Алла тағала саған шипа береді» ,– деп дем салған, дейді. (Ахмад)

 Адамның бойында әлсіздік байқалып және жүзінде сарғылт, қызғылт немесе қара дақ белгілері пайда болса ол көз тиюдің белгілері болуы мүмкін деп жазылған, исламда.

 Асыл дінімізде көз тию және оны емдеу жайлы осылай айтылған.

Бауыржан қажы Нығызбекұлы

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен орталық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk