wrapper

Соңғы жазбалар

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ағымдағы жылы 31 қаңтарда Қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын арнады. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» аталатын биылғы жолдауда негізгі бес басым бағыттар белгіленіп, осы бағыттар аясында ел дамуы жан-жақты сараланды.

Бұл жолдау «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру,  әлемнің озық елдерінің қатарына қосылу секілді ұлы мақсаттардың орындалуына қадам болатын басты бағыттарды айқындап берді.

Елбасы жолдауында ұлттық қауіпсіздік мәселесіде назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе бүгінгі таңда жаҺанды алаңдатып отырған діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы шараларды қоғамның барлық сатыларында күшейтуді тапсырды.

Елбасы: «Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады» деп лаңкестік топтармен ұйымдардың жолын кесуді басты міндет ретінде белгіледі.

 Қазіргі таңда әлеуметтік желілермен, ғаламтордың маңызы ерекше болып отыр. Елбасы лаңкестікпен күресудің тәсілдеріне тоқтала келе, әсіресе оны әлеуметтік желілерде жариялануына тоқтау салу ісіне қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар аса белсенділік танытқаны дұрыс деп атап көрсетті.

«Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп, елімізде тіркелген діни бірлестіктер мен ұйымдардың алдында тұрған басты міндет екендігін жеткізді.

 Сонымен қатар Елбасы бұл келелі мақсаттарға мемлекеттік емес ұйымдардың ат салысуын тапсырды.

 Елбасының тапсырмасымен дайындалып жатқан «2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада» осы міндеттердің енетіндігін жеткізді.

 Қорыта айтқанда, Елбасы жолдауындағы діни лаңкестікке қарсы күреске діни бірлестіктер де жұмыла кірісіп, ел тыныштығы мен бейбітшілігіне үн қосуы қажет. 

Айдын Жортымов

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы, «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk