wrapper

Соңғы жазбалар

Ата-ана алдындағы перзенттік парыз ұшан-теңіз. Перзенттік парыз тереңдете айтсақ,  тек ата ана ғана емес ел алдындағы, отан алдындағы парыз болып, аясы кеңейе түседі. Өйткені адам баласы ата-ананың сол арқылы отанның перзенті. Ата ана алдындағы перзенттік парызын өтей білген адам отан алдындағы перзенттік парызын да өтей алады.

«Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталды. Себебі: ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деп қазақтың ағартушы ұстазы Ы. Алтынсарин атамыз айтып кеткен.

Ата анаға құрмет етудің сауабы мен маңыздылығы туралы ислам дініде көптеген тамаша хадистер бар. Ислам ғұламалар ата-ананы сыйлаудың маңызы мен мәні туралы ғибратты хадистер қалдырды. «Жұмақтың кілті ананың аяғының астында» деген сөз бар. «Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады». дейді, хадистерде.  

Абдулла ибн Ғамрдан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:«Алланың разылығы әке-шешенің разылығында, ал қаһары әке-шешенің ашуында» деген.

Демек, ата ананың разылығы Ұлы Жаратушының разылығымен бірдей екендігін осыдан-ақ байқауға болады.

«Ең құнды амал – уақытында оқылған намаздан кейін ата-анаға жақсылық жасау». (Муслим.) Осы арқылы ата анаға құрмет бес парыздың бірі намаздан кейінгі ұлы іске пара-пар деп көрсеткен.

Қасиетті  Құранкәрімде «Ибрагим» сүресі, 41 аятында:«Уа, Раббым! Есеп күні мені, әке-шешемді және бүкіл мүминдерді жарылқай көр!» деп айтылады. Біз өзімізбен қатар ең алдымен ата-анамыз үшін де Аллаға жалбарынуымыз керек.

Ұлы Жаратушы өз пендесіне былай деген. «Раббың Өзіне ғана құлшылық қылуларыңды және ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті» («Исра» сүресі, 23-аят). Өзімізді мынау жарық дүниеге әкелген ата-анамызға әр кез құрмет етуіміз керек. Ата-анаға құрмет етудің сауабы мен атықшылығы дінімізде жан-жақты айтылған.

«Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Оған (Аллаға) ешнәрсені серік қос-паңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!» - деп «Әнғам» сүресінің 151-аятында айтылады.

Яғни ата-анаға құрмет етпеу Алла Тағалаға серік қосу мен бірдей екендігін осыдан байқауға болады.

Ата-анамызға құрмет етсек, өзімізде ұрпақтан сондай құрмет көреміз. 

Мирас Көкебаев, Шығыс Қазақстан облысы

Зырян ауданының бас имамы 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk