wrapper

Соңғы жазбалар

Ұрпақ тәрбиесіне қазақ халқы қашанда бей-жай қарамаған. Халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқан бала тәрбиесінің озық үлгісі бар.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне қатысты тамаша тағылымдық өсиеттер қалдырған. Ұрпақ тәрбиелі болса сол ұлттың болашығы да жарқын болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату,білімді әрі өнерлі болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын.

Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген дана сөз бар. «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін арыдан бастау керек екендігін айтып кеткен.

Ата-ананың бала тәрбиесіне ықпалы туралы ата-бабаларымыз «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп ұрпақа нақыл сөз қалдырған.

Қазақ халқы баланы жасында еркелетіп, есейе келе шаруа жайын үйретіп, жігіттік, бойжеткен кезінде сырлас етіп, отау иесі болғанда қос қанатының бірі ретінде көрген.

Ислам діні бала тәрбиесі туралы мәйекті толғамдар мен тұщымды насихаттарға толы.  Құран кәрімде “Тахрим” сүресінің 6-аятында: «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырылған.  Осы арқылы отбасыңмен үлгілі, өнегелі бол, күнә жасама, отбасында тағылымды имани тәрбие болсын дегенді айтқан.

Бала тәрбиесі сонау ғасырларда өткен ислам ғалымдарының да назарынан тыс қалған жоқ.

«Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас» деген (Тирмизи) хадистерге қарап отырып, бала тәрбиесі ата ананың парызы екендігін білуге болады.

 Ислам тағылымдарында Алланың Елшісі Пайғамбарымыз: (с.ғ.с.) риуаят етілген мына бір хадисінде «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса Алла Тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» деген. (Әбу Дәуіт, Әдеп) . Мұнда ұрпақтың көптігіне, және өнегелі тәрбиенің сондай айырықша сауаптылығына маңыз бере айтылған.

Әр адамда, әр отбасында өзіне бұйырған рыздық, несібе болады.

«Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер» деуі адал кәсіппен несібе табыңдар десе керек.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с ) тағы да бір хадисте «балаларыңмен ойнаңдар, балаларыңды еркелетіңдер» делінгенін. Мұнда бала тәрбиесіне жан-жақты қарау керектігін айтып өткен.

Балаға жақсы есім қою, оған тамаша тәрбие беру, парасатты етіп тәрбиелеу ата ана үшін ең ұлағатты парых екендігі аян. Бала тәрбиесі ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса күрделі де маңызды іс екендігін естен шығармауымыз керек. 

Тілейбек Соянұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

«Күршім аудандық мешітінің» бас имамы


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk