wrapper

Соңғы жазбалар

Ата-анаға жақсылық жасап, құрмет көрсету керектігін әрбір саналы адам біледі. Алайда, оның әдістерін, құлшылыққа айналдыру жолдарын назарға ала бермейтінім бар. Ендеше «Ата- анама қалай құрмет көрсетемін?» деген сауалға пайдалы кеңестермен жауап бермекпіз.

1. «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың ашуы – ата-ананың ашуында» (Бұхари). Қандайда бір іс-әрекетпен, не сөзбен олардың көңіліне қаяу түсірмеуге тырысыңыз. Тіпті аятта келгендей, «түһ» демеуден тыйылайық. Ал «Түһ» дегеніміз – ата-ананы ренжітуі мүмкін ең төменгі дәрежедегі әрекет екен. «Егер «түһ» деп кейіс білдіруден де төмен нәрсе болса, Алла Тағала одан да тыйған болар еді» деген екен ғұламалар.

2. Олар сөйлеп жатқанда сөздерін бөлмеу және дауысыңды олардың сөзінен бәсең ұстау. Ал дауыс көтеру – тіптен үлкен ағаттық.

3. Дастарқан басында олардан жоғары отырмау және олардан бұрын тамаққа қол созбауды әдетке айналдырыңыз.

4. Ата-ананың алдын кеспеу – сіздің тарапыңыздан болған үлкен құрмет.

5.Тамақтың дәмдісін алдымен ата-анаға ұсына біліңіз.

6. Қаншалықты шаруаңыз көп болып, уақытыңыз тапшы болса да, олар іздегенде үнемі қасынан табылып, көмек қолын созуға тырысыңыз.

7. Олардан алыста болсаңыз, күніне жарты сағат уақыт бөліп, қал-жағдай сұраңыз. Сіздің есендігіңіз, жылы сөзіңіз, қамқорлығыңыз – олардың жүрегіне қуаныш сыйлайды.8. Арнаулы бір күндерді күтпей, жылдың кез келген уақытында сыйлық жасау – араларыңыздағы сүйіспеншілікті күшейтеді. Алыста болсаңыз, ара-тұра бірлік салып тұру да артық емес.

9. «Анашым, әке, сіздерді жақсы көремін! Сіздердің ата-анамның болғанына Аллаға мың да бір шүкір!» деген сөздерді айтудан кеш қалмаңыз. Әлемде бұл сөздерді арнайтын адам таппай жүргендер қаншама?!

10. «Раббым! Мені кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет!» («Исра» сүресі, 24-аят) деп үнемі дұға жасаңыз.

11. Анаңыз сәби кезіңізде түн ұйқысын төрт бөлсе, сіз ол үшін тәтті ұйқыңызды қиып, түнгі намазға тұрыңыз. Ата-анаңыз үшін  Алладан  Жәннат сұраңыз.

12. Олар сіздің жөргегіңізді ауыстырып, ең жақсы тамақты шайнап беретін, қасық ұстауды, түйме қадауды үйретті. Ал сіз олар ауырғанда аяқтарын уқалап, тістері тамақ жеуден қалғанда ең жұмсақты ұсынуды, қалжырап, жүруден қалғанда, жетектеп, тіпті, арқаңызға салып жүруді ұмытпаңыз.

 Asylarna.kz 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk