wrapper

Соңғы жазбалар

Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Садақа мал-дүниені кемітпейді, Алла пенденің кешірімшілдігі арқылы оның ізет-құрметін арттырады, ал біреу Алла үшін кішіпейілдік танытса, Алла оны, әлбетте, жоғары көтеріп қояды», – деген. 
(Муслим 2588/69) 

Яғни осы хадис арқылы біз адам бойындағы 3 қасиеттің (жомарттық, кешірімшілдік, кішіпейілдік) Алла алдында сүйікті екенін және бұл 3 қасиет – игілік істеушілердің сипаттарына жетудің алғышарты екенін түсінеміз. Өйткені, садақа беруші адам өз байлығымен мұқтаждардың қажетін өтеу арқылы, ал кешірімшіл жан адамдардың жамандықтарын кешіру арқылы, кішіпейіл кісі жұрттың қылығына төзімділік танытып, барлық адамдарға көркем мінез-құлық көрсету арқылы игі іс жасайды. Алла Тағала өзгелерге көркем мінез-құлқы арқылы кеңпейілдік танытқан мұндай пенделерінің дәрежелерін көтеріп, олар жер бетінде биік мәртебеге ие болады! Әрі Алла Тағаланың мұндай құлдарына күтпеген сый-сыяпат әзірлеп, көз көрмеген, құлақ естімеген жақсылықтары бар Жәннатқа кіргізетіні тағы бар! 

ПАЙҒАМБАР ﷺ КІШІПЕЙІЛ БОЛҒАНЫ СОНШАЛЫҚ, КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАР ОНЫ ҚАЛАҒАН ЖАҒЫНА ЖЕТЕКТЕП АЛЫП КЕТЕТІН БОЛҒАН 

Әнас (р.а) былай дейді: «Расында, Мәдинаның кез келген (күңінің) кішкентай қызы Алла Елшісін ﷺ қолынан жетектеп қалаған жағына тартып алып кете алатын» 
(Бұхари) 

ЖӘННАТТЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР – КІШІПЕЙІЛДЕР! 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге Жәннаттағылар туралы хабар берейін бе? Олар – әрбір әлсіз бен кішіпейіл. 
Ал енді тозақтағылар туралы хабар берейін бе? Олар — әрбір сотқар, сараң және тәкаппар», - деген. (Бұхари 4918) 
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз ﷺ: 
«Егер мені біреу қойдың аяғын жеуге шақырса, мен әлбетте оған барамын және егер маған біреу қойдың аяғын сыйласа, оны мен әлбетте қабыл аламын» (Бұхари) , - деп адамдарды барынша кішіпейіл әрі қарапайым болуға үндеген. 


Пікір қалдырыңыз

halal

dinikunder kk